Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Тұрмыстық зорлық – зомбылық — қоғам дерті

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлер мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» маманымен бірлесіп, отбасылық тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгертулер енгізілгені жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында сала мамандары отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат көрсетілген жаднамаларды таратып, осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген әйелдерге құқықтық кеңес берді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілгендей, тұрмыстық зорлық-зомбылық — отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі).

Сәйкес жаңалықтар

Құрсайда биыл 6 балалар ойын алаңшасы орнатылады

admin

Орталық Азия елдерінің медиа саласындағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріліп келеді – Балаева

admin

Түркістанда құрылыс қарқыны артып, 810 мың шаршы метрден астам пәтер берілді

admin