Аға буынға құрмет – кейінгі ұрпаққа міндет!
Қазақстандықтар егде жастағы адамдарға әрдайым үлкен құрметпен қарайды. Бұл – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Зейнеткерлер мен ардагерлерді жан-жақты қолдау, үлкендерге назар аудару мен қамқорлық көрсету – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы аясында қарт азаматтарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл – әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. «AMANAT» партиясы өз сайлаушыларымен, жасына қарамастан, жүйелі негізде жұмыс жасайды.
Партияның әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі – әрбір азаматтың лайықты қарттығын қамтамасыз ету. Бұл, әрине, партияның саяси платформасы мен сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.
Зейнет жасына жақындаған және зейнеткерлік жастағы адамдар сұранысқа ие болуы керек. Бұдан басқа, олар лайықты зейнетақы алуы, сапалы және қолжетімді ем алуы, белсенді өмір салтын ұстануы тиіс. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы осы мақсаттарға бағытталған. Ол ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және жалғыз басты қарт адамдарға қамқорлық көрсету арқылы қоғамда ізеттілік, патриотизм, дәстүрлер мен үлкен ұрпаққа құрмет сезімін нығайтуға ықпал етеді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі