Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция жастардың автокөлік жарысының жолын кесіп, жол көлік оқиғасының алдын алды

Полиция жастардың автокөлік жарысының жолын кесіп, жол көлік оқиғасының алдын алды, — деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Түркістан облысы Жетісай ауданының полициясы әртүрлі қалалардан келіп, заңсыз автожарыс ұйымдастыруға тырысқан көліктер ағынын тоқтатты.

Анықталғандай, олар «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы бірқатар автокөлік жүргізушілерін заңсыз автожарыс ұйымдастыруға шақырған. Ал полиция дереу сол жерге келіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылардың әрекеттерін тоқтатты.

Нәтижесінде полицейлер жарысқа шығып бара жатқан 8 автокөлікті айыптұраққа қойып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

Полиция барша жүргізушілерге жол ережесін үнемі сақтауға және жол көлік оқиғасына алып келетін маневрларды жасамауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Бәйдібек: аудан әкімі жақында іске қосылған тігін цехының жұмысымен танысты

admin

Түркістан: Бәйдібек ауданында тігін цехы ашылды

admin

Түркістан: облыстық маңызы бар жолдар қардан тазаланып, инертті заттар себілуде

admin