Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Бәйдібек ауданында тігін цехы ашылды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында текстиль өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдейтін цех өз жұмысын бастады. Бүгінде шағын кәсіпорын мақта түту, көрпе, жастықтан бастап, медициналық формалар, матрас, шапандар мен қыз жасауын өндіруге қауқарлы. Аталған кәсіпорында 7 қыз-келіншек тұрақты түрде жұмыс істейді.

Ашылу салтанатына Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев пен облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Сылқымбек Спабеков және Облыстық мәслихат депутаты Қапалбаев Ғабиден қатысып, шара барысында кәсіпкерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл цех — аудан көлемінде текстиль саласындағы жетекшілерінің бірі. Кәсіпкер Элеонора Ағабекқызы келген қонақтарға цехтың жұмыстарын баяндап, таныстырып шықты.

Кәсіпорын иесінің айтуынша, цехты ашу мақсатында “Бизнестің жол картасы 2025” мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз 5 млн. теңге грантты жеңіп алған. Алдағы уақытта кәсіпорында қой жүнін өңдеп, шикізат ретінде қолдану жұмыстары қолға алынбақ.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында паразиттік аурулармен сырқаттанушылық саны төмендеген

admin

Жетісу облысы құрылғаннан бері 90 млрд. теңгеге инвестициялық жобалар іске асырылды

admin

Шымкенттің туристік әлеуеті жақсарып келеді

admin