Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Мақтаарал ауданында жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Мақтаарал ауданы аумағында, 2024 жылдың 23 мен 28 шілде аралығында жергілікті атқарушы органдар мен басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен бірлескен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр.

Іс-шараның мақсаты- жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен, адам тасымалдайтын автобус жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Шара барысында тәртіп сақшылары 30-ға жуық жолаушы тасымалдайтын көлік құралдарын тексеріп, жүргізушілеріне қатысты 15 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың -2 жәйті, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың -1 жәйті, қарап-тексеру және медициналық байқаудан өтпеген жүргізушінің көлік басқарудың -3 жәйті мен көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды пайдалануының -2 жәйті, маневр жасау қағидаларын бұзудың 3 жәйті анықталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Таразда Жамбыл Жабаевтің 178 жылдық мерейтойына орай республикалық айтыс өтті

admin

«Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз» атты форум өтті

admin

«QAMQOR» бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталады

admin