Түркістан облысында ортақ пайдалану орындарын ластаудың 22 мыңнан астам дерегі тіркелді

Түркістан облысының полициясы ортақ пайдалану орындарын ластаудың 22 мыңнан астам дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өткізіліп жатыр. Осы ретте Түркістан облысы полиция департаментінің құрылымдарымен абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаудың жыл басынан 22 439 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 13 647, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіргені үшін 5 690, жолдарды, темiржол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру бойынша 3 102 факті тіркелді. Ал биыл шілде айында 2672 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара қолданылды. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жылдың соңына дейін жалғасын табады және бұл жұмыстар күнделікті облыс әкімі мен полиция департаменті бастығының назарында. Полиция тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жауапкершілікті арттыру керектігін ескертеді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-politsiyasy-ortaq-pajdalanu-oryndaryn-lastaudyng-22-myngnan-astam-deregin-anyqtady/

ПІКІР ЖАЗУ