Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан облысында туысының бұқаларын ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында туысының бұқаларын ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрамдық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 59 жастағы ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, 3 бас бұқасын ұрлаған қылмыскер жәбірленушінің туысы болып шықты. Яғни ер адам материалдық пайда табу мақсатында туысының малы қайда болатынын жақсы білген соң, тұрғын үйінен алыс орналасқан қорадан бұқаларын алып кеткен.  Содан бір бас бұқаны мал базарға сатып үлгерген. Тәртіп сақшылары қолды болған 2 бас бұқасын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-tuysynyng-buqalaryn-urlaghan-kudiktige-qatysty-qylmystyq-is-qozghaldy/

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан өңірінен басталған «Бірлік керуені» елордаға жетті

admin

Түркістан жастары балаларға арналған акция өткізді

admin

Биылғы Ұлттық құрылтайда қандай мәселе көтеріледі?

admin