Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада әуе кеңістігінің күзеті күшейтіледі

 Қорғаныс министрлігі осындай ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтіледі, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі.

Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

Еске сала кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді. 4 шілдеде Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ саммиті басталады.

Еліміздің бас қаласына бірқатар елдің басшылары келеді.

Саммитке 16 елдің: Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары қатысады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Қазығұртта «Ел тірегі» атты кездесу кеші өтті

admin

Түркістан облысындағы кәсіпкерлер карантин талаптарын сақтап жұмыс істей береді (видео)

admin

ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ СЕРПІН БЕРДІ

admin