ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері жол құрылысымен танысты
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде салынып жатқан жол құрылысымен танысты.
Құрылыс жұмыстарымен танысу барысында мердігер мекемеге тұрғындар сұранысына сәйкес аталған аумаққа қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салу бойынша келіссөз жүргізілді.
Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарының мүмкіндігіне қарай, жоғарыда аталған қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салынатынын мәлімдеді.
Бүгінгі таңда, «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде -2 мыңға жуық тұрғын бар. Шағынауданның жолдар құрылысын-«Әлем Строй» ЖШС мекеме жүргізуде.
Атап айтар болсақ, №8 жол құрылысы мердігер мекеме «Агат» тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Бүгінде №8 көше құрылысының 80 %-ы аяқталған. Осы жылы аталған көшенің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Осыған байланысты басқарма басшысы №8 көше тұрғындарымен кездесіп, жол құрылысының сапасы мәселесін талқылады.
Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелерінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл №1,2,6,7,8,10 көшелерінің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.