Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Елордада көктемгі дератизация жұмысы басталады

 Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елордада көктемгі дератизация жұмыстарын өткізуді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзендердің жайылмалары, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады.

Тұрғындар арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 турда өңдейді (3 тур дегеніміз – дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді). 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарлануда. Үй иелеріне сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерде немесе үйдің төбесінде орналастыру керек, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттарды орнату өзендердің, каналдардың, су айдындарының жайылмаларында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3 264 гектарды құрайды.

Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында Бромадиолон және Бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент-Ташкент арасындағы ынтымақтастық арта түседі

admin

Мақтаарал аудандық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды

admin

Түркістан облысында құны 10 млн. АҚШ долларын құрайтын кәсіпорын салынбақ

admin