Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қарағанды облысында су қоймалары 100%-ға толды

 Бұл жайлы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Су ресурстары және ирригация Министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева, айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы ірі су қоймалары толған.

Қарағанды облысының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Су қоймалары 100% толды. Ағындардың өсуі күтілмейді. Жиналған су жыл бойына аймақ экономикасының қажеттіліктерін толығымен өтеуге мүмкіндік береді. Ұлытау облысында Кеңгір су қоймасын пайдалану тарихында алғаш рет 270 млн текше метр көлемінде ең көп су жіберу жағдайы тіркелді. Осыған байланысты, Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне түсті. Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинауы байқалады. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс,-деді ресми өкіл.

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа оқу жылында №65 мектеп-гимназиясы жаңа ғимаратпен қамтылады

admin

ШЫМКЕНТ: Газдан уланудың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

admin

Түркістан: Созақта «Жайдарман» сайысына түскен қаржы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілді

admin