Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Созақта «Жайдарман» сайысына түскен қаржы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілді

Созақ ауданының 95 жылдығына орай аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен  Созақ ауданы әкімінің кубогы үшін «Созақ КАП» облыстық жайдарман ойыны өтті.

Мақсаты – жастар саясатын тиімді жүзеге асырып, жастардың бойында рухани адамгершілік, өнерге деген шығармашылық ізденістерін дамытып, дарынды жастарға қолдау көрсету.

Тартысты өткен сайысқа 9 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, нәтижиесінде Сайрам ауданының «Ақбұлақ» командасы жеңімпаз атанды. ІІ орын – Шымкент қаласының «Самал 3» командасы, ІІІ орын – Созақ ауданының «СОЗАҚ БАЙ» командасына бұйырды. Еркін құрама – «Абырой» командасы «Үздік әзіл», Шымкент қаласының «Мадмуазель» командасы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Айта кету керек, барлық қатысқан командалар мен жүлделі орыннан көрінген командаларға арнайы диплом мен қаржылай сый-сияпаттар табысталды. Жайдарман сайысын тамашалау ақылы түрде өтіп, 500 билет толықтай сатылды. Одан түскен 500 000 теңге әлеуметтік аз қамтылған отбасыға табысталды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: 2024 жылы «өңірлік жұмыспен қамту картасы» бойынша 118,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады

admin

Шымкентте мектепте бір күн істемеген маман білім басқармасының басшысы болды

admin

Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды

admin