Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда азық-түлік бағасын көтергендер жауапкершілікке тартылды

 Атырауда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген екі кәсіпкерлік нысан жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтергені үшін, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

2 сәуір мен 8 сәуір аралығында 1 сауда желісі мен 1 бөлшек сауда субъектісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапқа тартылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алда да бақылауда болады. Бағаны негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады, — деді Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы Әлем Уалиев.

Сәйкес жаңалықтар

Қаладағы білім ошақтары жаңа оқу жылын бастап кетті

admin

«Берекелі отбасы»сурет байқауы өз мәресіне жетті

admin

Бәйдібек: материалдық көмек көрсетілді

admin