Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Төтенше жағдайлар вице-министрлері Жетісу облысында болды

Жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар вице-министрлері генерал-майор Ерлан Нұрпейісов пен Серік Төленбергенов Қорғас-1, Қорғас-2 жобасы селден қорғау құрылысының құрылыс алаңдарын, Балпық би ауылындағы өрт сөндіру депосының жаңа салынып жатқан ғимараттарын, Жетісу облысы ТЖД әкімшілік ғимаратын және гарнизонның басқа да бөлімшелерін аралады.

Сонымен қатар вице-министрлер Панфилов, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласының гарнизондары құтқарушыларының күнделікті өмірімен, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Сапар соңында өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін нақты тапсырмалар берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимараты ашылды

admin

Отырар: «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы «қарақоңыр» станциясында

admin

ШЫМКЕНТ: СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНА СУ ҚАРАШАДА БЕРІЛЕДІ

admin