Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістан жастары Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында экологиялық акция өткізді

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Наурызнама  онкүндігі аясында мейірімділік күні аясында “Сенбілік – тазалық айнасы” атты акция өтті.

Акцияның мақсаты – жастардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға ынталандырып, сүйіспеншіліктерін ояту.

Жалпы, көктем  айы – жаңару мен жаңғырудың, түрлену мен түлеудің ғана емес, тазалықтың да айы. Бұл мезгілде жұртшылық айналаны тазартып, күл-қоқыстан арылтатыны рас. Тазалық сақтау ішкі тұлғалық мәдениетіміздің айқын белгісі екенін ескерсек, тазалықты өзімізден бастау керектігін ұғамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Көктем мезгілі  басталғалы облыс жастары сенбілік жұмыстарын жоспарға сәйкес ұйымдастырып келеді. Аталған сенбіліктер алдағы уақытта тұрақты түрде барлық аудан, қалада жалғасады. Бүгінгі акцияға облыстың 200-ге жуық белсенді жасы қатысып,  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАРЛЫҚ СЕКТОРЫНДА ОҢ ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

admin

Ақмола облысында есірткіні жасырын қойып кетуші қолға түсті

admin

Сауран: сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

admin