Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Ақмола облысында есірткіні жасырын қойып кетуші қолға түсті

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бурабай ауданының 37 жастағы тұрғынының есірткі заттарын сақтауға және буып-түюге қатысы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің үйлестірумен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды.

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында арнайы жабдықталған жасырын жерде орау материалдары, зип-лок пакеттері, изолента, электрондық таразы, магниттер, сондай-ақ жалпы салмағы 274,15 грамм 280 түйіншек мефедрон тәркіленді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, күдікті қолға түскен кезде есірткі қолданбаған.

Бір жылға жуық уақыт бойы ол Щучинск қаласында есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан. Куратордың нұсқауы бойынша әрекет етіп, есірткі заттарын таратқаны анықталды. Ол заңсыз қызметі үшін сыйақыны криптовалюта түрінде алған, оны кейіннен мобильді қосымшалар арқылы банк карталарына аударып отырған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Арыстықтар елордадағы жәрмеңкеге 40 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жөнелтті

admin

Саурандық сарбаз Қорғаныс министрінің сыйлығына ие болды

admin

Ордабасы: қараусыз үй жануары үшін жауапкершілік барын ескертеміз

admin