Түркістан: Кентау қаласы тұрғындарының өзекті мәселелері тыңдалды

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Одан бөлек, №5 ЖЭО тарапынан  берілетін жылу мен электр энергиясының тарифтеріне байланысты мәселелер көтерілді.

Жиынға “Оңтүстік Жарық” ЖШС,  “Энергопоток”ЖШС, Түркістан облыстық табиғи монополиялар реттеу департаментінің өкілдері, сала басшылары қатысты.

Қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы кездесуде Жылу орталығында жүріп жатқан құрылыс жұмыстары жайында баяндады. Сондай-ақ Кентау қаласындағы №5 Жылу энерго орталығының қазандықтарын қайта құру жұмыстарына бөлінген қаржы бойынша ақпарат көздерінде түрлі «жалған ақпарат» тарап жүргенін атап өтті.

Кентау қаласы №5 Жылу энерго орталығының жалпы 6 қазандығын қайта құруға  13,7 млрд. теңгеге  жобасы әзірленіп, 2024 жылдың қаңтар айында облыстық бюджеттен  2,7 млрд.  теңге бөлінген. Бұл қаржыға №8 және №11 қазандықтарында қайта құру жұмыстары атқарылып жатқанын мәлімдеді.

2023 жылдың 13-14 желтоқсанында ауа-райының қолайсыздығынан, желдің қатты екпініне байланысты №5 ЖЭО-да 6 рет электр қуаты апатты жағдайда өшіріліп, қолданыстағы 4 қазандықтың жұмыстары тоқтатылып, 1 қазандық істен шығып, шұғыл ретке келтіріліп,  22 желтоқсан қайта іске қосылды. Алайда сол апатты жағдайдың салдарынан бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелерінде  ақаулар пайда болды.

Сол жағдайларды ескерген қала басшылығы қыс мезгілінің үш айындағы жылу төлемдерінен 10-12 күннен алынатынын түсіндірді.

Одан бөлек, орын алған төтенше жағдайға байланысты, қала тұрғындарының және әкімдіктің ұсынысымен, «Энергопоток» ЖШС тарапынан желтоқсан айында тұтынушылардын 70 кВт алынып, шегерілді. Қантар айында 20 мың теңгеден асқан тұтынушыларға 100 кВт жеңілдік қарастылырды, сонымен қатар, сараланған тарифпен есептелген төлемдерді орташа тарифпен қайта төмендету жағына қайта есептер жүргізілді. Ақпан айыннан бастап көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына сараланған тарифтің 1 адамға шекті лимиті 70 кВт-тан 110 кВт-қа көтерілгені айтылды.

Кездесуде өзге де мәселелер көтеріліп, бақылауға алынды. Қала басшысы тиісті шараларды қарау бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Тұрғындар тарапынан электр энергиясына қатысты “Оңтүстік Жарық” ЖШС,  “Энергопоток” ЖШС, Түркістан облыстық табиғи монополиялар реттеу департаментінің өкілдеріне бірқатар сауалдар қойып, қажетті жауаптары берілді. Сонымен қатар биыл Кентау қаласында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды баяндап өтті.

Айта кетейік, 2024-2025 жылғы жылыту маусымында тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында 4 қазандықты №8,9,10,11 қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша 14,5 шақырым магистралды жылу құбырын және 81 шақырым ішкі орам жүйелерін ауыстыру жұмыстары атқарылады.

ПІКІР ЖАЗУ