Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жамбыл облысында пияз жәрмеңкесі өтті

Жамбыл облысының өндірушілері елдің тұрақтандыру қорларына 8,8 мың тонна пияз жеткізетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таразда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша өңірлік ӘКК мен фермерлер арасында тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді. Өнімдер маусымаралық кезеңде ішкі нарықты толықтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ осы кезеңде пияз бағасын тұрақтандырады.

Айта кетейік, жәрмеңкеге ерте пісетін сұрыптардан кеш шығатын сұрыптарға дейін пияздың кең ассортиментін ұсынған 60 ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысты.

Биыл Жамбыл облысында 24,4 мың га пияз егілді, фермерлер 800 мың тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр, бұл республиканың жыл сайынғы қажеттілігінен 2,5 есе көп.

Сәйкес жаңалықтар

Полицейлер азаматтардың сұрағына тікелей эфирде жауап берді

admin

Зеленскийдің уақыты бітті ме? – сарапшылар болжамы

admin

Қазақтың кітап қоржыны тағы бір жыр жинақпен толықты

admin