Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

23 ақпанда Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді.

Өрттің салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда.

Сәйкес жаңалықтар

Ордабасы: Аудан басшысы Көктөбе ауылындағы «Мадияр» шаруашылығының жұмысымен танысты.

admin

Амал мерекесінің құндылығы қандай

admin

Шалғайдағы елді мекенге газ таратылуда

admin