Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Аудан әкімі бірқатар нысандарды аралады

 Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Шолаққорған ауылындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің, ардагерлер үйі мен ерекше жандар мен ардагерлерге арналып қайта жасақталып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Асыл жүрек және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ғимаратында болды. Ондағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

 -Алдағы уақытта, қайта жасақталып жатқан ғимарат, ерекше жандар мен ардагер ата-әжелерімізге арналған жанға жайлы, денсаулығын нығайтатын орын болады. Мұнда денсаулықты түзетуге жасақталған спорттық бөлмелер бар,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Аудандық ардагерлер үйінің ғимаратына қатысты бірқатар ескертпелер айтып, түзетуді тапсырды. Сондай-ақ, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің ғимаратына барды. Көркейту- көгалдандыру жұмысына байланысты сын- ескертпелер айтты.  Аудан әкімдігінің  құрылыс, сәулет қала құрылысы бөлімінің басшысы Жалғас Борсабаев, құрылыс нысаны тамыз айының соңына дейін толық аяқталатынын мәлімдеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда қанша алтын мен мұнай қалды?

admin

Түркістанға “Еуропа-Азия” халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі келді

admin

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 127 АЗАМАТ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАПТЫ

admin