Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл: облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Тараз қаласының тұрғыны Сейділлә Пірімқұлов шаһар көшелерінің біріне және білім ұясына Ту авторы Шәкен Ниязбековтың атын беруді ұсынды.

Тағы бір тұрғын Жеңісбай Жансақалов кәсіпкерлік жүргізу үшін жер телімін алуға ықпал етуді сұрады.

Ербол Қарашөкеев бұл мәселе жөнінде жауаптыларға нақты міндеттер жүктеп, қолдау бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар жайылымдық жер, көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, баспана алу, жұмысқа орналасу сынды мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Жұмыспен қамту жол картасы жобасы арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды

admin

Саурандық тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді

admin

Конституция бойынша референдумға 20,8 млрд теңге жұмсалуы мүмкін

admin