Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Конституция бойынша референдумға 20,8 млрд теңге жұмсалуы мүмкін

Орталық референдум комиссиясының (Орталық сайлау комиссиясының) мүшесі Михаил Бортник Конституцияға қатысты республикалық референдум өткізуге жоспарланып отырған алдын ала шығын көлемін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Референдум өткізуге арналған шығындардың алдын ала есебі 20,8 миллиард теңгені құрады. Айта кету керек, бұл қаражат 2026 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылмаған. Сондықтан қаржы Үкіметтің резервінен бөлінеді, – деді Бортник Орталық референдум комиссиясындағы брифингте.

Комиссия мүшесінің айтуынша, түпкілікті бюджет көлемі кейінірек нақтыланады.

Еске салсақ, 12 миллионнан астам қазақстандық жаңа Конституция бойынша референдумға қатыса алады. Белгілі болғандай, референдум қорытындысы 21 наурызға дейін жарияланады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Келесте 2023-2025 жылдары жалпы құны 51 млрд. теңгеге инвестициялық жобалар іске асады

admin

Түркістан: газ және электр қуатымен қамту бойынша 500-ден астам жоба жүзеге асырылады

admin

Түркістан: өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды

admin