Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Газ құбырларындағы ақаулар шұғыл қалпына келтірілуде

Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары еліміздің оңтүстік аймағында болған жер сілкінісі салдарынан газ құбырларында орын алуы мүмкін ақауларды анықтау мақсатында қала аумағындағы жер асты және жер үсті газ құбырларына тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін қауіпсіздік шаралары барысында Қазығұрт шағынауданы, Көктоған көшесінде жоғары қысымды құбырдан табиғи газдың шығуы анықталды. Апат салдарынан 1 100  тұтынушы, 2 өндірістік кәсіпорын және 2 тұрмыстық коммуналдық мекеме газдан уақытша ажыратылды.

Қазіргі уақытта бригадалар ақауды қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Бұл ретте тұрғындардан мамандарға газ жабдықтарын тексеруге мүмкіндік беріп, крандардың жабық болуын қадағалауды сұраймыз. Сондай-ақ газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажеттігін ескертеміз.

Сәйкес жаңалықтар

Қазығұрт: халықпен кезекті кездесу өтті

admin

ТУРКИСТАН: ПРОШЛИ ДНИ КУЛЬТУРНОГО РАЙОНА В ТУРКИСТАНЕ

admin

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары. 10 елдің басшысымен келіссөз жасалды

admin