Жер сілкінісі салдарынан алматылықтар сусыз қалмай ма

АСТАНА. KAZINORM – Алматы қаласының төңірегінде ірі су нысаны жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.

«Алматы қаласының төңірегінде үлкен су нысандары жоқ. Сондықтан ауыз сумен қамтамасыз ететін барлық жүйе бүгінгі күні қолданыстағы құрылыс нормаларына сай әзірленген және салынған», – деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы орайда БАҚ өкілдері министрден жер сілкінісі орын алған жағдайда қала маңындағы су қоймалары қаншалықты берік екендігін сұрады.

«Қала жерасты су көздері арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, кейінгі жер сілкінісі кезінде Алматы қаласын сумен қамтуда ешқандай іркіліс болған жоқ», – деді Нұржан Нұржігітов.

ПІКІР ЖАЗУ