Ордабасы: басты міндет – барлық саладағы көрсеткіштерді жоғары деңгейде орындау

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.

Жиынның күн тәртібінде бюджет қаржысының игерілуі, салық түсімдерінің орындалуы, Қараспан ауылдық округі әкімінің атқарған жұмысы және жылдық жоспарының орындалуы, аудандық Ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары және жылдық жоспарының орындалуы бойынша есебі тыңдалды.

«Қазіргі таңда аудан көлемінде бюджет қаржысы жоспар бойынша игерілуде. Салалар бойынша салық түсімдерінің орындалуы 4 ауылдық округте төмен», деді аудандық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева.

Аудан әкімі көрсеткіші төмен ауылдық округ әкімдеріне жеке және заңды тұлғалардың мүлік, көлік салығы, ерікті түрде алымдар бойынша бюджетке түсетін салықтарды тез арада орындауды тапсырды.

Мәжілісте Қараспан ауылдық округі әкімінің жыл көлеміндегі атқарған жұмыстарымен қатар жылдық жоспарының орындалуы бойынша округ әкімі Нұржан Умаров  баяндама жасады. Аудан әкімінің биыл  қыркүйек, қараша  айларында Қараспан ауыл округі тұрғындарымен кездесу барысында келіп түскен ұсыныс-пікірдің орындалуы бойынша есеп берді.

Сондай-ақ, округ әкімі ауыл шаруашылық саласындағы жаңбырлатып, тамшылатып суғару, жылыжай шаруашылығын даму бойынша жоба-жспарларымен таныстырды.

Өз кезегінде аудан әкімі жылдық жоспарды толығымен орындап, келесі жылы аталған салалардағы индикаторларды көтеру қажет екенін айтты.

Аудандық Ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков бөлім тарапынан жылдық жоспардың құс еті мен түйе басының санын арттыру бойынша көрсеткіштердің жеке кәсіпкерлер есебінен орындалмау қаупі бар екендігін тілге тиек етті. Агро сектордың басқа салаларында көрсеткіш жоспарға сай орындалып жатқандығын хабарлады.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы ауданның ең бір маңызды саласы ауыл шаруашылық саласындағы өсім көрсеткішікті жоғарылату үшін «Ауыл аманыт» бағдарламасына қатысушы ауыл тұрғындарының шоғырын көбейтуды тапсырды. Осы мақсатта ауылдық округ әкімдері шаруаларды құжаттандыру бойынша жұмыстарды жүйелей түсуді тапсырды.

Сонымен қатар биылғы құс еті бойынша олқылықтардың орынын толықтыру үшін Бөржар ауылдық округінде аталған шаруашылықты дамыту көзделгенін айтты.

Апталық мәжілісте, жылыту маусымында атқарылып жатқан жұмыстар, қоғамдық-саяси ахуал, мерзімді басылымдарға жазылу бойынша да сала жауаптыларына аудан әкіміне қысқаша баяндап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ