Ордабасы: желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Желтоқсан оқиғасының қатысушыларын қабылдады. Аудан әкімі Тәуелсіз қазақ елінің бағындырған биік белестері мен қазақ жастарының толқуына қатысқан жандардың ерлігі бүгінгі буынға, келешек ұрпаққа үлгі екенін айтып өтті.

«Тәуелсіздік – бәрінен қымбат ең қастерлі ұғым, қоғамдағы басты құндылық. Баршаңызды алда келе жатқан еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Осынау сәтті пайдалана отырып, баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңа бақ-береке, қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Сіздердің күш-қайрат, ақыл-парасаттарыңыз егеменді еліміздің әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрғыда дамуына қызмет ете береді деп сенемін», – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Аталған шара барысында патриоттық «Желтоқсан ақиқаты» республикалық коғамдық бірлестігінің аудандық филиалының жетекшісі Едіге Марат сөз алып, мерекеге орай желтоқсаншылардың басын қосып, құрмет көрсеткен аудан басшыларына алғысын білдірді.

Кездесу соңында аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы желтоқсан оқиғасының қатысушыларына Алғыс хат табыстап, сый-құрмет көрсетті.

ПІКІР ЖАЗУ