Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістандық спортшылар гір тасын көтеруден ел чемпионы атанды

Созақ ауданының спортшылары Солтүстік Қазақстан облысы, Щучинск қаласында гір тасын көтеруден өткен республикалық чемпионатта топ жарды. Таңдаулы балуандар қатысқан чемпионатта созақтық спортшылар 2 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль иеленді.

Аталған спорттық сайыста 78 келі салмақта ұзын циклді көтеруден Орынбасар Қобыланды топ жарып, өз салмағында ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, дәл осы салмақта серпе көтеруден Ержан Қабылбек І орынды иеленді. Бұдан бөлек, серпе көтеруден 68 келі салмақта Орынбасар Баби мен 63 келі салмақта Бақыт Мақсатұлы ІІ орынға ие болды. Осы салмақта Айдын Тауыпалды ІІІ орын, жұлқа көтеруден 63 келі салмақта Еркебұлан Ергешбай  мен 68 келі салмақта Дінислам Бекен және 73 келі салмақта Мұрат Серікбаев жүлделі ІІ орынға табан тіреді.

Жеңімпаздарды спорт өнеріне баулып, жаттықтырып жүрген ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спортшылар Мұрат Серікбаев пен Бақтан Тұрсынбаевтың еңбектері жоғары.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағандыда құтқарушылар өмірлерін қатерге тігіп, өрттен 66 газ баллонды алып шықты

admin

Түркістан: Төлебиде балаларды жыл 12 ай сауықтырудан өткізетін лагерь ашылды

admin

Түркістан: жыл басынан бері «1310» нөміріне 5153 қоңырау түскен

admin