Түркістан: жыл басынан бері “1310” нөміріне 5153 қоңырау түскен

Түркістанда 1310-Бірыңғай байланыс орталығына түсетін қоңыраулар саны күн сайын артуда.

Түркістан қаласында тұрғындардан келген өтініштерді шешу мақсатында 1310- Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылған болатын. Бүгінгі күнге дейін орталық қызметкерлері 5153 қоңырауды қабылдаған.

Мамандардың айтуынша қазіргі уақытта өтініштердің 98 пайызы бірінші қоңыраудан-ақ шешімін табады.

Байланыс орталығы қызметінің негізгі бағыттары — тұрғындардың өтінішін қабылдау, мәселелерін шешу кезінде коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, өтініштерді өңдеу.

Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Мамандар қоңырау қабылдау кезінде өтініш берушіге қатысты барлық ақпаратты арнайы жүйеге енгізеді.

Операторлардың қызметі күндізгі және түнгі ауысыммен жүреді. Сондай-ақ, мамандар арнайы курстан өтеді. Қазіргі уақытта байланыс орталықта 12 оператор тұрақты түрде жұмыс атқаруда.

Бұдан бөлек, 1310 бірыңғай байланыс орталығы халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюға үлесін қосуда. Мамандар тұрғындардың өтініштерін «1310» қысқа нөмірі арқылы және Instagram (@turkistan1310), Telegram (Turkistan 1310), WhatsApp (87073331310), Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары арқылы қабылдайды.

Айта кетейік,жыл басынан бері орталыққа 5153 өтінім түскен. Оның 5080 өтінімі уақытылы орындалып, 73 өтінім жұмыс барысында.

Тұрғындардан түскен әр өтініштері мен сауалдары қараусыз қалмайды.

ПІКІР ЖАЗУ