Ордабасы: аудан орталығында тұрғындарға қолайлы, демалысына ыңғайлы орта қалыптасады

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылдық округінің орталығы – Темірлан ауылының кіреберіс тұсында жүргізіліп жатқан сәулеттік құрылыс жобаларды аралап, мердігерлермен пікірлесті.

Әуелі аудан әкімі Шымкент бағытынан Темірлан ауылына кіреберіс тұста құрылысы басталған заманауи шағын аллея мен аудан төлқұжатының жұмыс барысын тексеріп шықты.

Өз кезегінде аудан орталығының айнасы саналатын кіреберіс тұсты тұрғындар мен қонақтарға демалыс сыйлайтын, естелік қалдыратын тарихи орынға айналдыру жағы сөз болды.

Мұнан соң аудан әкімі сала жауаптыларымен Темірлан ауылынан Арыс қаласына бұрылатын аудан аралық автожол қиылысында салынатын саябақ жобасын талқылады.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аталған саябақта тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін веложолақ, аяқжолдар, демалысқа ыңғайлы орындықтар, бүлдіршіндерге таптырмас алаң – балалар ойын алаңшасы, жастарымыздың бұқаралық спортпен айналысуы үшін workout орнатылатындығын айтып өтті.

Нысан басындағы талқылау барысында аудан әкімі салаға жауапты әкім орынбасары мен бөлім басшысына аталған жобаға толықтырулар енгізіп, аудан орталығына көрікті демалыс аймағын салуды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ