Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жетісай: тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болады

Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бюджет қаржылары есебінен жобалық-сметалық құжаттары дайындалған нысандардың іске асырылуы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев, коммуналдық мекемелердің қысқы маусымға дайындықтарының барысы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, аудан аумағындағы игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі бойынша атқарылған жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков пен қала, кент, ауылдық округтердегі абаттандыру жұмыстарының барысы туралы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Әлішер Есенбековтың баяндамалары тыңдалды.

Одан бөлек, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен ауыз суға тұрғындар тарапынан төленетін төлемақының дер кезінде төленуі, электр жарығына берешек қарыздарды өтеу, абаттандыру жұмыстары бойынша ескі көше белгілерін ауыстыру, жылжитын және жылжымайтын мүлік салықтарының орындалуы барысы сөз болып, ұсыныстар талқыланды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты аудан әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовқа жүктелді.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жарты млрд теңге шығын келтірген алаяқ алты жылға бас бостандығынан айырылды

admin

Төлеби ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

admin

Ерлік пен жігер, естелік пен рухтың мерекесі: Бородулиха ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйге өтті

admin