Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру мақсатында қазан-қараша айларында жаңа ағаш көшеттері егілді
Аталған жұмыстар аясында шаһарда жалпы 220 000 дана жемісті ағаш егіліп, гүлдер отырғызылды.
Оның ішінде, 144 000 дана – 10 түрлі жапырақты ағаштар (Терек, Ясень, Тұт, Ива, Үйеңкі, Катальпа, Акация, Гледичия, Қарағаш ірі жапырақты (гужум), Қарағаш кіші жапырақты). 22 000 данасы – 4 түрлі жемісті ағаш (Өрік, Алма, Шие, Жиде). Ал қылқан жапырақтылардан 5 000 дана Туя ағашы егілді.
Сонымен қатар, жалпы 29 000 дана 4 түрлі бұталы ағаш (Форзиция, Сирень, Бирючина, Аморфа) және 20 000 дана Роза гүлі отырғызылды.
Бұдан бөлек, қазан-қараша айларында кепілдемелеріне сәйкес мердігерлер тарапынан 20 нысанда (Тұңғыш Президент Саябағы, Тұран тыным бағы, Б.Саттарханов желілік саябағы 1-2 этап, Жібек жолы саябағы, Дендро саябағы, Руханият саябағы, Төле би саябағы, Отбасы саябағы, Мәдени-рухани орталығы, Яссауи желілік саябағы 1-2 этап, Б.Саттарханов желілік саябағы, Айналма жолдағы желілік саябағы, Майкотов 1-2-3-4-5 этап және Түркістан Арена стадион аумағы) жалпы саны 34 000 дана ағаш егілді.