Облыстық қоғамдық штаб мүшелері түсіндірме жұмысты жалғастыруда
![](https://bainews.kz/wp-content/uploads/2022/06/WhatsApp-Image-2022-06-03-at-15.45.57-905x486.jpeg)
Облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев пен «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев Түркістан темір жол станциясының ұжымымен жүздесті.
Спикерлер 5-маусымда өтетін республикалық референдумда қаралатын мәселе – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Яғни, Конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Қоғамдық штаб мүшелері жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды.
Шойын жол қызметкерлері референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.