Түркістан: қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету

Бұл бағытта 2023 жылдың 11 айда біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жетті.

Жүйелі жұмыстар нәтижесінде «Еңбек» бағыты бойынша 6 778 азамат жоспарланса, осы жылдың 11 ай қорытындысымен 7 171 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Атап айтқанда, 4 166 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен (өнеркәсіп 265, ауыл шаруашылығы 197, құрылыс 462, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 489, қызмет көрсету 348, білім саласы 337, денсаулық сақтау 425, басқалар 1643 азамат) қамтылды.

Сондай-ақ, 629 жас түлек «Жастар практикасымен», 118 жас – алғашқы жұмыс орындарымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа жолданды, 1 242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарында жұмыс істеуде.

Кәсіп ашуға ниетті тұрғындарды да қолдау жүйелі жүргізілуде. Аталған мақсатта 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары берілді.

39 азамат мемлекет тарапынан өз кәсібін ашу үшін шағын несие иегері болды.

ПІКІР ЖАЗУ