Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру мақсатында қазан-қараша айларында жаңа ағаш көшеттері егілді

Аталған жұмыстар аясында шаһарда жалпы  220 000 дана жемісті ағаш егіліп, гүлдер отырғызылды.

Оның ішінде, 144 000 дана — 10 түрлі жапырақты ағаштар (Терек, Ясень, Тұт, Ива, Үйеңкі, Катальпа, Акация, Гледичия, Қарағаш ірі жапырақты (гужум), Қарағаш кіші жапырақты).  22 000 данасы — 4 түрлі жемісті ағаш (Өрік, Алма, Шие, Жиде). Ал қылқан жапырақтылардан 5 000 дана Туя ағашы егілді.

Сонымен қатар,  жалпы 29 000 дана 4 түрлі бұталы ағаш (Форзиция, Сирень, Бирючина, Аморфа)  және 20 000 дана Роза гүлі отырғызылды. 

Бұдан бөлек, қазан-қараша айларында кепілдемелеріне сәйкес мердігерлер тарапынан 20 нысанда (Тұңғыш Президент Саябағы, Тұран тыным бағы, Б.Саттарханов желілік саябағы 1-2 этап, Жібек жолы саябағы, Дендро саябағы, Руханият саябағы, Төле би саябағы, Отбасы саябағы, Мәдени-рухани орталығы, Яссауи желілік саябағы 1-2 этап, Б.Саттарханов желілік саябағы, Айналма жолдағы желілік саябағы, Майкотов 1-2-3-4-5 этап және Түркістан Арена стадион аумағы) жалпы саны 34 000 дана ағаш егілді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында биыл агроөнеркәсіптік кешендерді қолдауға 40 млрд теңге бөлінді

admin

Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер мен саудагерлерге қолдау көрсетуге арнаған Түркістан облыстық мәслихатының ҮНДЕУІ

admin

Щучинсктегі қызылша індеті: 71 кадет стационарлық бақылауда

admin