Сайрам: «ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету мақсатында БАҚ өкілдерінің арасында аудан көлемінде «Үздік журналист» байқауы жарияланған болатын.

Байқауға Сайрам ауданының журналистері (оның ішінде, республикалық, облыстық БАҚ-ң аудандағы меншікті тілшілері және штаттан тыс), блогерлер қатысты. Ниет білдірген 9 журналисттің ішінен жүлделі орындарға 3 журналисттің еңбегі іріктеліп шықты. Шығармашылық жұмыстарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған позитивті жарияланымдарды (эссе,новелла, шығарма т.б) әділ қазылар мүшелері ерекше бағалады.

І орынды «Мәртөбе» газетінің тілшісі Салтанат Абылбекова, ІІ орынды «Мәртөбе» газетінің оператор-дизайнері Меруерт Кемелбекқызы иеленсе, ІІІ орынды «ELNUR TV» телеарнасының журналисті Амалхан Төлебек иеленді. Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқаны үшін Нұртілек Тұрдымұратов пен Фарида Гибадулина марапатталды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада жүлделі орын алған жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев арнайы құттықтап, қаржылай және бағалы сый-сияпаттар табыстады.

ПІКІР ЖАЗУ