
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңдегі шомылу маусымының қауіпсіз өтуіне ерекше көңіл бөлді. Бұл бағытта қала әкімінің қаулысына сәйкес практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешені атқарылды. Осы ретте су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізілді. Қала аумағында шомылу маусымы ресми түрде аяқталды. Алайда өңірдегі ыстық күндер әлі де байқалады, сондықтан да судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша профилактикалық рейдтер жалғасады, – деді Нұржан Нұрханұлы.
Еске сала кетейік, Департамент аудан әкімдіктерімен бірге осы жылы балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекіткен. Ағымдағы жылы 500 балаға жүзуді үйрету жоспарланған. Қазіргі таңда жоспар толығымен орындалды.
