Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: жылыжай шаруашылығын қолдау ауқымы кеңейтілді

Vertical farming is sustainable agriculture for future food.

Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамытуда еліміздегі ең ірі өңір болып табылады.

Облыс әкімдігі және  ҚР Үкіметі тарапынан жылыжайларды жаңа бағытта  қолдау жұмыстары басталды.

Бірінші. Жылыжайлардың жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді.  Ережеге сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан жылыту шығындарының 20 пайызын субсидиялау қарастырылып, фермерлік жылыжайларға гектарына – 4,8 млн. теңге, өнеркәсіптік жылыжайларға гектарына – 8,1 млн. теңге төленеді. Өтінім қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Екінші. Инвестициялық субсидия бағдарламасымен жылыжай кешендерін салу және кеңейту жобаларын іске асырудың инвестициялық  шығыстарын  өтеу 25%-дан 30%-ға ұлғайтылды.

Үшінші. Жылыжай шаруашылықтарын бір орталықтан қатты отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы мекеме құрылып («Түркістан Ресурс» ЖШС), көмір өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді. 2024 жылдан бастап арнайы жылыжай шаруашылықтарына 150,0 мың тонна көмір отыны жеткізіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Экономиканың тұрақтылығы қаржыға байланысты

admin

Депутаттар есірткі өндірісі үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастырып жатыр

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

admin