Келес: мемлекеттік қызметтің алтын діңгегі – тәртіп

Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Бахтияр Абдрахманов аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдерде болып, қызметшілерге қойылатын әдеп талаптарын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді.

Әдеп жөніндегі уәкіл алдымен аудан әкімдігіне қарасты құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінде болып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Абай ауылы әкімі аппараты, жер қатынастары бөлімі мен экономика және қаржы бөлімдері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Мансап орталығының ұжымдарымен кездесті.

Кездесу барысында мекемелердің бірінші басшыларына қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жүргізілген мониторинг нәтижелері таныстырылып, кемшіліктерді жою мен жүйелі түрде орын алатын бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында қызметшілердің қоғам тарапынан сынға алыну жағдайын болдырмау, Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексіне сәйкес қоғамдық сын тудыратын жағдайлардың алдын алу мәселесі талқыланды.

ПІКІР ЖАЗУ