Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті

Бекітілген кестеге сәйкес бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов әкімдік ғимаратында аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

Шаян, Жамбыл, Боралдай, Көктерек, Мыңбұлақ ауылдық округінен алдын ала қабылдауға жазылған азаматтар келіп, аудан басшысына ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізіп, бірқатар өтініштерін айтты.

Жеке қабылдауда аудан әкімі әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдады. Сала бойынша орынбасарларымен, бөлім басшылары және ауылдық округі әкімдерімен шешу жолдарын талқылады. Жерге байланысты жүгінген азаматтардың сұрақтарына бөлім басшысы жауап беріп, заңдылығын түсіндірді. Материалдық көмек сұраған Шаяндық азаматшаның өтініші қанағаттандырылды.

Аудан орталығындағы инфрақұрылым жүргізілген 55 гектар жердегі жаңадан соғылған тұрғын үйлерді газбен қамтуға бюджеттен қаржы бөлу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы түсіндірілді. Ал ауыз суын шешу бойынша аудан әкімі ертең арнайы барып көретінін айтты. 

Аудан әкімінің бүгінгі қабылдауында жер, ауыз су, газ, жол және әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Сәйкес жаңалықтар

Төлеби: «Туған жерім-алтын бесігім» атты мәдениет күндері аясында Гала-концерт өтті

admin

Түркістан музыкалық драма театры әзербайжандағы халықаралық театр фестиваліне қатысады

admin

Алматы волонтерлері «Ардагерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

admin