Қазығұрт: “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің № 6 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Оспанова Фарида Бимаханқызы ауыл тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша онлайн-офлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген түрғындардың мәселесі ортақ. Яғни мүгедектікке шығу.
Қазығұрт ауылының тұрғыны А.Абдираманова көп балалы ана. Ұлының денсаулығына алаңдайды. Алып отырған дәрі-дәрмектері қымбат. Көк қағазы болмағандықтан,мемлекет тарпынан берілетін тегін дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алмайды. Одан бөлек, Қазығұрт ауылының тұрғыны Қ.Нұрмаханбет, Көк қағазды қалай алу керек жолдарын сараптама бөлімінің басшысынан сұрады.
Нәтижесінде: Аумақтық 6-шы Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Оспанова Фарида Бимаханқызы қабылдау орнында болған азаматтардың өтініші бойынша, тұрғылықты/тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға учаскелік дәрігеріне, не денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманына бару керектігін, ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемін, оның ішінде көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейтінін түсіндірді. Диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдарды МӘС-ке жіберетінін айтып өтті.