Сайрам: кезекті лездемелік мәжіліс

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен кемшіліктерді қалпына келтіру жайында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Тынымбаева баяндады. 

Аудан басшысы білім беру ұйымдарындағы орын алып жатқан кемшіліктер мен шешілуі тиіс мәселелерге баса назар аударып, ретке келтіру қажет екенін тапсырды.

Ал апталық мәжілістің күнтәртібіндегі келесі мәселе – Мемлекеттік қызметшілердің ішкі еңбек тәртібінің барысы туралы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Ғ.Айтқұлов хабарлады.

Мәжілісте аудан әкімі Арман Сәбитұлы жоспарланған мәселелерден бөлек, аудандағы уақыт күттірмейтін маңызды мәселелердің де орындалуы жайында сұрақ көтерді. Яғни, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын күшейту, аудандағы индикаторлық көрсеткіштер мен жоспарланған жұмыстардың орындалуы, заңсыз құрылыс жұмыстарымен күрес сынды мәселелерге тоқталды.

Жиын соңында жоғарыда аталған тапсырмалардың орындалуы жіті бақылауда болатынын ескертіп, аудан әкімінің орынбасары мен салалық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдеріне жауапкершілікпен қарауды жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ