Түркістанда репрессия жылдарына арналған республикалық конференция өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да «1920-1950 жылдардағы Сталиндік репрессия зардаптары» атты Республикалық ғылыми-практикалық  конференция өтті. Жиынға профессорлар Хазретәлі Тұрсын, Досай Кенжетай, Зәбираш Әділбекова, тарихшы-доценттер Ләззат Динашева, Ақмарал Сандыбаева, Түркістан облыстық қоғамдық-саяси тарихи мемлекеттік архивінің басшысы Гүлнар Шардарбекова, «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысы Айдын Исатаева және қуғын-сүргін мәселесімен айналысып жүрген облыстық комиссия мен жұмыс тобы, докторанттар мен магистранттар қатысты. 

Конференцияның мақсаты – 1920-1950 жылдары сталиндік саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бағытында атқарылып жатқан ғылыми-іздестіру жұмыстарын қорытындылау.

Басқосуда ғалымдар  “Сталиндік биліктің дінге қатысты саясатының салдары”, “Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының зардаптары”, “Қазақстандағы ашаршылықтың салдары”, “Күштеп жер аудару және депортация мәселелері”, “Алаш қозғалысына қатысты архив құжаттары”, “Архивтердегі құпия қорларды құпиясыздандыру және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық  құқықтық  ақтауға  ұсыну мәселелері”, “Саяси қуғын-сүргін тарихын музейлендіру және есте қалдыру” тақырыптарында баяндама жасады.

ПІКІР ЖАЗУ