Кентауда «Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн » науқаны аясында комиссия отырысы өтті

Республикалық «Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында  қала әкімінің орынбасары А.Байболованың төрағалығымен  Кентау қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы  өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау, зорлық-зомбылық құрбандарымен жүргізілетін бірлескен жұмыстарды дамыту.

Дөңгелек үстел қала әкімінің орынбасары А.Байболованың кіріспе сөзімен басталып, қаладағы зорлық-зомбылық мәселесіне қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Отырыста бірнеше өзекті мәселелер қаралып, талқыланды.

Олар: Кентау қаласында  кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасындағы балаларға көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы, Неке мен отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырудың тиімділігі туралы: Осы бағытта қала бойынша некеге тұру, ажырасу және оның себептері, жұмыстың тиімділігін арттыруға ұсынылатын ұсыныстар туралы, Жас отбасыларын қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, жас отбасыларына психологиялық көмек көрсету барысы және де осы бағыттағы ұсыныстар туралы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын-алу жұмыстары туралы.

Жиынға бөлім мен мекеме басшылары, ауыл әкімдігі мамандары қатысты. Жиын соңында ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ