Шардарада бастауыш мұғалімдеріне аудандық тәжірибелік семинары өткізілді

Шардара ауданы, білім бөлімінің жоспары негізінде ауданда №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп базасында 2023 жылдың 28 қараша күні “Бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру” тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.

Мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық іс әрекетке қабілетін арттыру.

Семинар барысында Түркістан облысы Шымкент қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» кәсіби даму институты филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Лаззат Әмзеқызы және Гульзира Бахытбекқызы, аудан білім бөлімінің әдіскері Гульжан Турлыбекқызы және аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

 Семинар барысында мұғалімдер оқытудағы жаңа əдіс-тəсілдердің тиімділігін сабақ сәтінде көрсете білді, атап айтқанда 1 сыныпта “Ү дыбысы мен әрпі” тақырыбында К.Сабирова, Г.Ахунбекова, 3 сыныпта “Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу» математикадан Ә.Тұңғышбаева, «Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі» А.Абжаппарова, 2 сыныпта қазақ тілінен “Сұраулы сөйлем” Н.Досалы, жаратылыстанудан “Денсаулықты қалай күту қажет?” Н.Сайман, 3 сыныпта әдебиеттік оқу “Күн тәртібі” Т.Ақбердиева, ағылшын тілінен “FunnyEnglish” топтық сайыс 3 сынып ағылшын тілі пән мұғалімдерді К.Паизова, Д.Сайлауов оқушылармен оқу пәндерін әр күннің бағдарламасына сәйкес оқушыларымен өз жәрежесінде өтті.

  Мұғалімдермен “Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру” тақырыбында коучинг сабақты А.Мамраимова өткізді, “Жан дүниемнің бау-бақшасы” тақырыбында тренингті педагог-психологтар Ж.Мырзалиева, О.Залова өз бетінше жұмыс жасап, жеке, топтық қосымша ресурстармен жұмыс жасап жүргізілді. Семинар соңында сөз алған Лаззат Әмзеқызы мен Гульзира Бахытбекқызы өтілген сабақ барысындағы қолданған әдіс тәсілдерін тиімділігін, сабақ сәтінде білім алушылардың баллдық бағамен бағалауының нәтижесінде өтіліп, соған орай өз ұсыныстарын диалогтік алаң жүргізіп, семинар жоғары дәрежеде өтілгендігін атады.Семинарға қатысушы педагогтер тәжірибе алмаса отырып, кері байланыс берілді.

ПІКІР ЖАЗУ