«Түркістан таланттары» Түлкібас төрінде

Түркістан облыстық әкімдігі, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Түркістан таланттары» жобасы өңір қаламгерлерімен Түлкібас ауданында бас қосты.

«Жаңа ғасыр жауһарлары» тақырыбында жасақталған кітап көрмесі келушілерге таныстырылды. Түлкібас ауданы әкімінің  орынбасары Орманов Ербол, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шардарбекова Жанат және аудандық маслихат төрағасы Байысбаев Хамит кешті ашып, іс-шара барысына сәттілік тіледі.

Кеш кейіпкерлері – Түлкібас ауданының перзенттері, Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы, жас ақындар Ақбота Бейбітбек, Арайлым Мұраталиева және Сезім Мергенбай сахна төрінде жиналған көрерменге өлең оқып, келушілермен сырласты. Мектеп оқушылары ақындардың өлеңін оқып, әдебиетке асқан қызығушылық танытты.

Кеш кейіпкерлеріне Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың атынан алғыс хат табысталып, сый құрмет көрсетілді.

ПІКІР ЖАЗУ