Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: аудандық семинар өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Түркібасы» жалпы білім беретін мектеп базасында 2023 жылы 27  қараша күні  «Ұлттық құндылықтарға негізделген: Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттыру,  ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар болып өтті.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Семинар Х. Юсупалиевтың «Қызықты әлемге саяхат» тренингімен  келушілерді ерекше көңіл-күймен қарсы алуымен басталды.

Сатпаева Г.А. 8 «Б» сынып «Ұлы даланың ұлтаралық тілі мемлекеттік тілді оқытудың озық әдіс-тәсілдерін көрсету», Абжапарова Б.С. 5 «А» «Мағжан Жұмабаевтың туғанына — 130 жыл», «Атабаева Д.У. 3 «Б» сынып «Сіздің балаңыз жаяу жүргінші», Турлыбекова А.С. 11 «А» сынып » Толық адам ілімі», Нуржигитов Е.С. 9 «А» » Әкем айтқан нақыл сөз» дөңгелек үстел», Миразизова Д. М. 7 «А»,  «Дара тұлға-Бейбарыс» әдеби-вернисаж, Мирхаликова Х.М. «Әкеге — ізет, анаға — құрмет», Перметова С.М. 11 «Б» «Отбасылық дәстүр» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өтті.

Мирхаликов М. М. «Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы» спорттық іс-шара, Сартаев Т.П. және Ботамбаева М.Ж. ұлттық құндылықтарға негізделген концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Семинарға қатысушы педагогтер өткізілген сабақтарға өз ұсыныстарын айтты және диалогтік алаң жүргізілді.

Сәйкес жаңалықтар

Тәртіпке бағынған құл болмайды

admin

Түркістанда жыл соңына дейін 20 әлеуметтік дүкен ашылады

admin

Основная задача – снизить количество проверок и устранить транспортные заторы на границе

admin