Самбодан ел чемпионатында Түркістан облысының әйелдер құрамасы көш бастады

Абай облысы Семей қаласында самбо жане жауынгерлік самбодан Қазақстан кубогы сарапқа сылынды. 23-27 қараша күндері өткен ерлер арасындағы белдесуде Түркістан облысы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола олжалап, жалпыкомандалық ІІІ-орынға ие болды.

Сонымен қатар, әйелдер арасындағы белдесулер де тартысты өтті. Бұл сында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Әбдісадық Халилаевтың шәкірттері толағай табысқа жетті. Күрес бәсекесінде түркістандық бұрымдылардың мерейі үстем болды. Осы ретте 50 келіде бақ сынаған Жадыра Пайыз бен 80 келіде Нұрила Асанқызы алтыннан алқа тақты. Ал, 54 келіде Айман Ибрагимова мен 65 келіде Айнұр Ақжігітова күміс медальға ие болды.

Сондай-ақ, балуан қыздар арасында 54 келіде Шахноза Абдуқадырова, 80 келіде Ұлбосын Адилова қоланы қанағат етті. Осы ретте Түркістан облысының әйелдер құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алып, жалпыкомандалық І-орыннан көрінді.

ПІКІР ЖАЗУ