Қазығұрт: жастар – біздің болашағымыз атты форумы өтті
«Қазығұрт ауданында 2020-2023 жылдарға арналған балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары» бойынша мекемеаралық іс-шара жоспары негізінде аудандық полиция бөлімі және Қазығұрт ауданының білім бөлімінің бастамасымен Қазығұрт аудандық орталық мәдениет сарайында «Жастар – біздің болашағымыз» атты форумы өтті.
Аталған форумға аудандық полиция бөлімінің басшысы Серікбаев Алмас Сұлтанұы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Көшкінбай Аян Таубайұлы аудандық білім бөлімінің бас маманы Егізек Әлия Алекбарқызы, ауданның бас имамы Сертаев Әділхан Айдарханұлы қатысты. Форумның негізгі қатысушылар ретінде аудан көлеміндегі барлық мектептегі жоғарғы сыныптың қызбала оқушылары, психологтары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Форумның басты мақсаты бүгінгі жасөспірімдердің тәрбиесі, отбасыдағы және қоғамдағы орны, қауіпсіздігі мен қылмыс жасауының алдын алу шараларын талқылау, қарастыру болды.
Жиын барысында құзырлы орган басшылары баяндама жасап, өзекті мәселеге қатысты пікірлерін айтып, жастардың жарқын болашағы үшін жағдай жасау, алдыңғы аға буын өкілдері ретінде жол көрсету керектігін айтып, өмірден алынған, нақты статистикалық дәлелдемелер айтылып, форумға қатысып отырғандарға, оның ішінде оқушыларға үлкен қоғамдық пікір тудырды.
Жоғары дәрежеде өткізілген форум аясында «Аналар-асыл жандар» аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Сәрсен Жиенкүл, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Абуов Бекболат Шамуратұлы, ауданның бас имамы Әділхан Айдарханұлы жас ұрпақтың бойында имандылық пен адамгершілік басты назарда болуын айтып, ата аналарды құрметтеуге шақырды.