Түлкібас: бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасы аясында жиын өтті

2023 жылғы 21 қараша күні  білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асыру мақсатында мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, орталықтандырылған есеп бөлімшесінің  есепшілерінің қатысуымен жиын өтті.                                                            

Жиынға Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің превенция басқарма басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит Әсетұлы, Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Тангатаров Азамат Асылбекұлы және  Фаворит «Helios-soft» ЖШС, «1С» «Азия-сервис» ЖШС өкілдері қатысты. 

Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасының негізгі мақсаты: – бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қосымша функциялар мен техникалық шешімдерді енгізу.

Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты 62 мекеме 2023 жылдың сәуір айынан бастап Favorit бұлтты бухгалтериясында жұмыс жасауда.

 Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы жауапты мамандардың Favorit бұлтты бухгалтериясын меңгеруі және  жұмыс жасау дағдылары сараланып, зерделенді.  Favorit бұлтты бухгалтериясында қауіпсіздік деңгейін жетілдіру бойынша Фаворит «Helios-soft» ЖШС өкілдеріне  нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, білім басқармасының бөлім басшысы А.Тангатаров жиын барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.                                   

Облыстан келген мамандар аудандық білім бөлімі мен бөлімге қарасты білім беру ұйымдарында жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

ПІКІР ЖАЗУ