Ордабасы: ауылдың келбетін жаңартуға көңіл бөлінеді

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың халыққа есеп беру жиыны Бөржар ауылдық округінде жалғасын тапты.

Ауылдық Мәдениет үйінде өткен кездесуде аудан басшысы ауыл тұрғындарына жаз айында бөріжарлықтармен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы баяндама жасады.

“Өздеріңізге белгілі, осы кездесуге дейін Сіздердің тараптарыңыздан көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелерді саралап, іске асыру бағытында іс-шара жоспары бекітілген. Жалпы кездесулерде ауыл тұрғындарынан коммуналдық мәселе, ауыл шаруашылығы, тағы басқа салалар бойынша 17 ұсыныс-пікір түсіп, орындалуы бойынша менің жеке бақылауыма алынған. Бюджет қаржысына қарай тұрғындардың мәселесін оңтайлы шешуге жұмыс істейміз”, деді аудан әкімі халықпен кездесуінде.

Аталған ұсыныстар негізінде Қайнар ауылы, А.Құмарұлы-О.Ешимов көшесінің қиылысындағы апатты жағдайда тұрған электр бағанасы жаңартылса, Қалаш ауылына жауапты учаскелік инспектордың жұмысын жандандыру бойынша бекітілген учаскелік полиция инспекторы тұрақты ауылдарды аралауда.

Ал, Қайнар ауылы, М.Әуезов ат. ЖОМ 1-4 сынып оқушылырына берілетін ыстық тамаққа санитарлық эпидемиологиялық басқармасы арқылы қадағалануға алынған. Ауыл тұрғындарымен кездесуде “Ауыл аманаты” бағдарламасының ауылда орындалу барысы да сөз болды. Естеріңізге салар болсақ, Бөржар ауылдық округінде «Еркін-Қайнар»  ашылып,  97 азамат мүше болып тіркелі. 

Қазіргі таңда Ырыс МҚҰ 60 адам құжат өткізсе,  мақұлданған жобалар саны 35 болып, құны 231,6 млн. теңгені құрады. Соның ішінде 20 жобаға 129,2 млн. теңге қаржы қаралған. Бұл көрсеткіштің әліде төмендігін айтқан аудан әкімі бұл бағыттардағы жұмыстарды жетілдіруді округ әкімі мен салалық бөлімдерге тапсырды. Ауыл тұрғындарымен кездесуде аудан басшысы бірқатар өзекті мәселелерді шешу бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.

Тарқатып айтар болсақ,  «Мұсабек» каналына 1,5 шақырымына күрделі жөндеу және Алпар каналына бетондау жұмыстары бойынша ЖСҚ әзірленіп, қаржылай қолдау тапқан жағдайда  жоба іске асатын болады. Ынтымақ елді мекеніндегі 32 электр бағаналарын жөндеу  2024 жылға қаржы қарауға ұсынылады. Жамбыл және Бірлік елді мекені, 158 абонентке табиғи газ құбырлары тартылған.

Аталған ауылдар Батыр ата ауылын табиғи газбен қамту және Бірлік газ жеткіуші нысандары жыл соңына дейін аяқталғаннан соң, табиғи газға қосылатын болады. Сонымен қатар, Қайнар ауылындағы «Раушан» мемлекеттік балабақшаның шатырын жөндеуге 21 млн.теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, «Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы Қайнар елді мекеніндегі И.Дүйсенбина, Толтай  көшесі, Ұялыжар елді мекені Т.Кемелбеков, Сәтбай көшелеріне ауыз су жүргізу, Теспе елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, алдағы уақытта пайдалануға берілмек. Бөржар тұрғындарымен кездесу барысында ауыз су, ортақ жайылым, асфальт жол, ойын алаңшасы мәселесі көтеріліп, аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ